Бірлік жолында: ұлттық спорт

20 наурыз, 2024

2024 жылдың 20 наурыз күні Экономика кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлттық спорт күніне орай 3-ші ТДМ бойынша “Бірлік жолында: ұлттық спорт” тақырыбына қызықты іс-шара ұйымдастырылып, қатысушылар ұлттық спорт түрлерінен сайысқа түсті. Тәжірибелі ұстаздың жетекшілігімен гір көтеруден сайысқа түсіп, қатысушылар өздерінің қабілеттерін көрсетті. Жеңімпаздар лайықты сыйлықтарға және дипломдарға ие болды. Бұл шара студенттер қауымын салауатты өмір салты мен спорттық жетістіктер арқылы біріктірудің тамаша мүмкіндігі болды.