«Қазіргі Қазақстандағы білім беру жүйесі» туралы іс-шара

20 наурыз, 2024

 

 

20 наурыз күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті 126 аудиторияда, аға оқытушы, PhD Мұқан Нұрзаттың 2-курс дінтану бөлімі студенттерімен ұйымдастырылған  Әл Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің 90-жылдық мерей тойы аясында:Орнықты даму мақсаттарының “Сапалы білім беру” бағыты бойынша,  Зияткерлік сайыс «Қазіргі Қазақстандағы білім беру жүйесі» туралы іс-шара өткізілді.

Атап айтқанда, бұл іс-шара балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасы, қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын құру, Қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және басқа да мәселелер қарастырылып, студенттер өз ойын ортаға салды. Іс-шараның басты мақсаты- барлық білім беру деңгейлерінде білім алушылардың білім сапасын арттыруы, сондай-ақ, жедел шешімдерді талап ететін және халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталған.