Наурызнама шаралары

25 наурыз, 2024

Наурызнаманың он күндігінде еліміздің барлық өңірінде ұлттық киімдерімізді, дәстүрлерлерімідінасихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар өтіп жатыр.

2024 жылғы 18-ші наурызда Менеджмент кафедрасы «Наурыз - бейбітшілік пен мейірімділік мерекесі» тақырыбында іс-шара өткізді.  Мерекелік іс шараға 3 курс «Менеджмент» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» ОБ-ның студенттері қатысты. Шара барысында ұлттық мейрамның тарихи маңыздылығын насихаттау мақсатында қазақ халқының салт-дәстүрлері және тарихы бойынша видео-ролик, презентациялар көрсетіліп, студенттермен кері байланыс орната отырып Наурыз тақырыбында викторина ұйымдастырылды.

Іс-шара “Мемлекеттік және жергілікті басқару” 1курс магистранттарының педагогикалықпрактика шеңберінде ұйымдастырылды. Педагогикалық практика жетекшісі: э.ғ.к., доцент Аширбекова Л.Ж., Магистратура эдвайзері: э.ғ.к., доцент Купешова С.Т.