"ТӨМЕН КӨМІРТЕКТІ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ" АШЫҚ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТЫ

17 қазан, 2023

2023 жылғы 17 қазанда "Экология" мамандығының 1 курс студенттері үшін "Төмен көміртекті даму мақсаттары" ашық кураторлық сағаты өткізілді. Іс-шараны тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының аға оқытушылары Хамитова К.К. мен Мухитдинов А.М. ұйымдастырды.

Ашық сабақтың мақсаты климаттың өзгеруіне қарсы шаралардың бірі ретінде төмен көміртекті саясаттың дамуын талқылау болды. Студенттер мен оқытушылар арасында "Климаттың өзгеруіне қарсы күрес" ТДМ 13-ке қол жеткізу үшін ауаның сапасын басқару, Қазақстанның төмен көміртекті экономикаға көшуі мәселелері бойынша диалогтар жүзеге асырылды.