ТДМ 4: Сапалы білім: 1 наурыз. Алғыс айту күні мерекесіне арналған кураторлық сағат

1 наурыз, 2024

SDG 4: Сапалы білім: 1 наурыз. Алғыс айту күні мерекесіне арналған кураторлық сағат

Бүгінгі Алғыс айту күні мерекесіне орай ұйымдастырылған куратор сағаты «Интеллектуалды басқару жүйесі» мамандығының 2 курс студенттері үшін ерекше оқиға болды. Куратор Лаура Серікқызы Дүйсембаеваның жетекшілігімен біз осы маңызды мерекені атап өтуге жиналып, қызықты пікірталас өткіздік.

Шара барысында біз бір-бірімізге және айналамыздағыларға ризашылық білдіріп қана қоймай, тұрақты даму мақсаттарын, атап айтқанда №4 ТДМ– сапалы білім беруді белсенді түрде талқыладық. Біз барлығының сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету тұрақты қоғамның негізгі аспектісі деп есептейміз және осы іске үлес қосқанымызды мақтан тұтамыз.

Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы