- Басты бет
- Жаңалықтар
- Халықаралық су ресурстары күні мен дүниежүзілік метеорологтар күніне арналған «Гидрометеорологияның заманауи мәселелері: міндеттері мен болашағы» атты дөңгелек үстел
Халықаралық су ресурстары күні мен дүниежүзілік метеорологтар күніне арналған «Гидрометеорологияның заманауи мәселелері: міндеттері мен болашағы» атты дөңгелек үстел
19 наурыз 2024 жылы метеорология және гидрология кафедрасының ұйымдастыруымен Халықаралық су ресурстары күні мен дүниежүзілік метеорологтар күніне арналған жыл сайынғы «Гидрометеорологияның заманауи мәселелері: міндеттері мен болашағы» атты дөңгелек үстел өтті.
Халықаралық дөңгелек үстелдің мақсаты гидрометеорология саласында кездесетін актуальды мәселелерді талқылау, сонымен қатар гидрометеорологиялық процесстерді басқару мен болжау, мониторингті жақсартуға арналған инновациялық әдістер мен болашағы зор шешімдер қабылдау. Іс-шара аясында ғалымдар, өндірістегі мамандар, мемлекеттік және жеке құрылымдар қызметкерлерімен су ресурстары мен климат өзгерісінің әсерлерін тиімді басқару бойынша тәжірибе алмасу орын алды.
Дөңгелек үстелге Швейцария, Жапония, Өзбекстан және Қазақстан мемлекеттерінен ғылыми және академиялық институттар, мемлекеттік ұйымдар, өкіметтік емес ұйымдар өкілдері, жас ғалымдар қатысты. Ғалымдар «Орталық Азиядағы су жетіспеушілігі мен басқару стратегиясы» және «Аймақтық климаттық тенденциялар мен оның су ресурстарына әсері» атты сессияларда баяндама жасады. Іс-шара нәтижесінде гидрометеорология саласындағы өзекті ақпараттар талданып,, маңызды талдаулар жасалды.