Еуразия Бірінші арнасының «Қайырлы таң» бағдарламасында «Фаворит» тобының жаңа әнінің тусауы кесілді

7 наурыз, 2024

Бүгін Еуразия Бірінші арнасында “Қайырлы таң“ бағдарламасында «Фаворит» тобы қонақта болды. ҚазҰУ түлектері үлкен сахналарды бағындырып келеді. Бүгінгі таңда сұранысқа ие топ 2023 жылдың басында құрылып, кәзіргі таңда репертурында 5 авторлық әндері бар, оның екеуі «Көбелек сезім» мен «Қызғаншақ» әндері  жарыққа шықты. Жігіттерден құралған топқа механика-математика факультетінің 1 курс магистранттары Әбенов Абылай, Тұрта Шерхан және ҚазҰУ түлектері Сәбитбек Жәнібек пен Тугельбаев Самат кіреді. ҚазҰУ АРТ-орталығың вокалисттерінің жетекшісі, актриса  Фариза Ещанова студенттердің талантын өнерге деген махаббатын оятып, топ қылып жетекшілік етіп жүр. Жігіттер әнді де, биді де, сазгерлік, ақындық қасиетке ие. 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «Фаворит» тобы ҚазҰУ сұлуларына арнап бейнеклип түсірді.  https://www.instagram.com/reel/C4Na3pGr_7d/?igsh=dGM3Mmp3czI2d3B5