8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай ҚазҰУ ер азаматтары керемет концерт ұйымдастырды. Дәстүрге айналған концертті барлығы асыға күтеді, өйткені ер азаматтар дайындаған музыкалық номерлер бір-бірінен асып өтеді. Әр концерттің сәніне айналған «Бахыт» шоу балеттің қыздары «Стюардессалар» биімен тағы да көрермен көзайымы болды. Ricchi e Poveri «Mamma Maria» әнін орындаған филология, тарих, журналистика факультетінің ұстаздары тамаша өнер көрсетті. Жүректі тербететін «Ана туралы жыр» әні экономика және бизнес жоғары мектебі, медицина дәне денсаулықты сақтау, биология және биотехнология, география және табиғатты пайдалану факультетінің ұстаздарынан құралған ХОРмен айтылды. Әскери кафедра дайындаған «Песенка о медведях» әні ортаға шыққан үлкен ақ аюмен кеш қонақтардың көңілін көтерді. Әйгілі «Ялла» тобының «Чайхана» әнін орындаған физика-техникалық, механика-математика, химия және химиялық технологиялар факультетінің ер азаматтары тамаша қабылданды. Дайындық факультетінің қызметкерлері мен магистранттары дайындаған әлемдік өшпейтін хитіне айналған үнді кинофилімінің «Танцуй Танцуй» әні көрермендерді таңқалдырды. Жұлдызға айналған, заң факультетінің креативті ер азаматтары Ұланғасыр Қамидің «Балқия» әнін орындағанда бүкіл зал орнынан тұрып бірге биледі. Концерт жоғары деңгейде өтті.