ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

31 наурыз, 2024
  • Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ-ға жұмыс сапармен келген ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитеті хатшысының орынбасары, ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы Еркін Туниязбен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
  • Ректор ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен және РФ ғылым және жоғары білім вице-министрі Константин Могилевскимен бірге «Тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану» ғылыми орталығының ашылуына қатысты. Жаңа ғылыми орталық құрамына Тұрақты даму мақсаттарын іске асыратын 10 инновациялық зертхана кіреді.
  • Жансейіт Қансейітұлы Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындары ректорларының ІІ форумында баяндама жасады. 
  • Оқу ордасының басшысы «Қашықтан зондтау технологиясы және қолдану» қазақ-қытай бірлескен зертханасының ашылу рәсіміне қатысты. 
  • Жансейіт Түймебаев МИФИ ҰЯЗУ ректоры Владимир Шевченкомен, Алтай мемлекеттік университетінің ректоры Сергей Бочаровпен, Томск мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі Владимир Демкинмен, Лобачевский университетінің халықаралық байланыс және өзара іс-қимыл жөніндегі проректоры Александр Бедныймен, Санкт-Петербор мемлекеттік экономикалық университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Дмитрий Василенкомен және Мәскеу физика-техникалық институтының базалық ұйымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Антон Кожемяченкомен кездесу өткізді. 
  • ЖОО басшысы «Еуразия кеңістігіндегі этнология, антропология және музеологияның өзекті мәселелері: дәстүрлер мен инновациялар» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, сөз сөйледі. 
  • ҚазҰУ ректоры Ғылыми кеңес отырысын өткізді.