- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жастар арасында суицидтің алдын алу: Қазақстан және халықаралық тәжірибе» атты дөңгелек үстел
«Жастар арасында суицидтің алдын алу: Қазақстан және халықаралық тәжірибе» атты дөңгелек үстел
2024 жылғы 28 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінде ТДМ 16: Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар жетістіктері аясында «Жастар арасында суицидтің алдын алу: Қазақстан және халықаралық тәжірибе» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді халықаралық құқық кафедрасы ұйымдастырды: PhD докторы Баймағамбетова З.М., PhD докторы Алтаева К.Ж., 1 курс магистранттары Ayatullah Nemati, Ибраева Адема, Оразбек Бекарыс, Тоқтарбекова Мадина, Ван Си.
Іс-шараның мақсаты: жастар арасында суицид мәселелері бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру, қазақстандық және халықаралық тәжірибені талдау.
Шақырылған қонақтар – п.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы Садықова Н.М., ҚР ҰҚК сараптамалық тобының психологы, ҚР Еуразиялық полиграфологтар қауымдастығының мүшесі Сембай А.А. жастар арасында суицидтің алдын алу бойынша тренинг өткізіп, табысты тәжірибелерімен бөлісті.
PhD докторы, PSEA (ЮНИСЕФ) жыныстық қанау мен жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі үйлестірушісі Байтукаева Д.У. Қазақстанда суицидтің алдын алу бойынша БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) ұсынымдарын ұсынды.
Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алудың халықаралық тәжірибесі бойынша магистранттар Ayatullah Nemati, Оразбек Бекарыс, студенттер Бисенова Мөлдір, Нұрғалымова Амина, Ержан Аружан сөз сөйледі.
Іс-шара пікірталас форматында қызықты өтті. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар құқық бұзушылықтардың, суицидтің алдын алуға және білім алушыларға суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша психологиялық көмек көрсетуге бағытталған ұсынымдар әзірледі.