ЖУРНАЛИСТИКА ӘЛЕМІНЕ ЖОЛДАМА

2 сәуір, 2024

Жас тілшілер форумы үздіксіз таалпкерлердің шығармашлығын  шыңдап, журналистика әлеміне жолдама беретін дәстүрлі шараға айналды.

Жарты ғасырлық тарихы бар «Жас тілшілер» форумының шежіресі тереңде. Алғашқы республикалық «Жас тілшілер» слеті 1975 жылының
мамыр айында Орталық Комсомол Комитетінің ұйымдастыруымен өткен. Бұл шараның бастауынаО. Сүлейменов, Ф. Оңғарсынова, Д. Стамбеков, Ш. Смаханұлы сияқтытанымал ақын-жазушылар атсалысқан. Тек соңғы жиырма жылда «Жастілшілер» форумы жаңа форматта, заманауи үлгіде өтіп жүр.

Танымал жас тілшілердің қатарында
Қанат Әуесбай, Руслан Меделбек, Досжан Балабекұлы, Алпамыс
Файзолла сияқты дарынды журналист, медиа
мамандары бар.

Форумның ашылуында журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, профессор Гүлмира  Сұлтанбаева мен аға оқытушы Серік  Жұмабекұлы құттықтау сөз сөйледі.

Газет журналисінің жұмысы туралы Жүсіпбек Қорғасбек, телевизиядағы журналист дағдыларын тарамдап берген Жаңылхан Асылбекова,     журналисика негіздеріненБерікбол Төлегеннің  өткен  шеберлік-сыныптары   жас тілшілердің көкейінен шықты.

Форум соңында ең үздік шығармашылық жұмыстар марапатталды. «Ең үздік жас тілші – 2024» қорытындысы бойынша бас жүлдеге «Ұлан» газетінің жас тілшісі Абай облысы Семей қаласы № 11 мектептің бітірушісі Диана Ағзамованың жұмысы лайық деп танылды. Форум соңында әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ журналистика факультеті жеңімпаздарға  сыйлықтар табыстап, дипломдармен  марапаттады.