Дөңгелек үстел. Картография және геоинформатика кафедрасы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 90 жылдығына арналған Студенттер мен жас ғалымдардың “Фараби әлемі” атты халықаралық ғылыми конференциясы аясында “Инженерлік-геологиялық ізденістер деректерін басқаруға арналған веб-қосымшаны әзірлеу” атты ғылыми сеинар өтті. Спикер: “АлматыГеоЦентр” ЖШС-нің Операциялық жұмыстар жөніндегі директоры Рахымбай Забира Сапарқызы.
Бұл ғылыми семинарда дерекқорды басқару, қауіпсіздік және масштабтау сияқты маңызды аспектілерге назар аудара отырып, осындай веб-қосымшаны әзірлеуде, үздік тәжірибелерді және қолайлы технологияларды пайдалана отырып, Рахымбай Забира өз әдістерін ұсынды.
Инженерлік-геологиялық ізденістер деректерін өңдейтін веб-қосымша үшін деректерді тиімді сақтау және басқару өте маңызды. Сәйкес дерекқор жүйесін таңдау, деректерді модельдеу, қалыпқа келтіру және индекстеу осыған байланысты маңызды мәселелер туралы айтылды. Дерекқорды басқарудың сенімді жүйесін енгізу деректердің тұтастығын қамтамасыз ете алады және деректерді іздеу операцияларын оңтайландырады.