«Ғашықтар хикаясы» спектаклінің премьерасы өтті

1 сәуір, 2024

ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойына орай, АРТ-орталықтың бастамасымен "БІЗ" студенттік театры өз жұмысын қайта бастап, көрермендермен қайта қауышты. 1 сәуір күні жас автор Қанат Жүнісовтың жаңа нұсқасында "Ғашықтар хикаясы" спектаклінің қойылымы өтті, оның режиссері университеттің жас маманы Қанат Тілес болды.

Театр актері мамандығын таңдаған төрт студент бір жатақхана бөлмесінде тұрады. Олардың бірі бірінші курста, ал қалғандары жоғары курста оқиды. Бір қызығы, Тұрсынбек әрдайым "Балмұздық" деп аталатынына қарамастан, аузын ашпайды және күлмейді, бірақ ағаларына қуанып жүгіреді. Үш магистранттың екеуі екі сұлуға ғашық. Олар өз сезімдерін оларға жеткізудің жолын іздейді. Өз болашағы туралы білгісі келетін қыздарды көріпкелмен кездесуге шақырады. Оқиға барысында қызықты сәттер сахнада көрініс табады.

Біздің актерлермен танысыңыз:

1.Тұрсынбек - Аманғали Жансен Ерсайұлы журналистика факультетінің 1 курс студенті

2. Дастан - Таңатов Рамазан филология факультетінің 3 курс студенті

3. Ермек - Ербол Медетбекұлы журналситика факультетінің 2 курс студенті

4. Айым  -Ерсайынова Жанерке филология факультетінің 1 курс студенті

5.Мәдина - Амангелді Хадиджа журналситика факультетінің 2 курс студенті

6.Қымбат - Жәкешова Меруерт журналситика факультетінің 2 курс студенті

7. Ақмақта балгер - Аманбекова Аружан журналситика факультетінің 3 курс студенті

8.Рүстем - Сембиев Айболат Нығметжанұлы физика-техникалық факультетінің 2 курс студенті

9. Декан - Тілеміс Саят Асылбекұлы журналситика факультетінің 1 курс студенті

Болашақта студенттік өнер ұжымы көрермендерді қуантатын классикалық спектакльдер қоюды жоспарлап отыр. Студенттік театрдың телеграммда жеке арнасы бар, жастар арасында танымал @biz_kaznuuu инстраграммындағы жеке парақшасы бар.