Халықаралық қатынастар факультетінде «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты студенттер мен жас ғалымдардың жыл сайынғы халықаралық ғылыми конференциясының ресми ашылуы

4 сәуір, 2024

2024 жылдың 4 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты студенттер мен жас ғалымдардың жыл сайынғы халықаралық ғылыми конференциясының ресми ашылуы өтті. Шара барысында халықаралық қатынастар факультетінің деканы, кафедра меңгерушілері және арнайы шақырылған қонақтар, соның ішінде Алматыдағы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек және Ташкент мемлекеттік заң университетінің халықаралық құқық және адам құқықтары кафедрасының профессоры Рахимова Муатара конференцияға қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Жиын аяқталғаннан кейін түрлі секциялардың жұмысы басталды. Конференцияға ХҚФ студенттері мен жас ғалымдарынан басқа Қазақстанның көптеген басқа университеттерінің студенттері қатысуда.