«Көш.Наурыз-думан» керуені Алматы көшелерімен өтті.

21 наурыз, 2024

21 наурызда Алматы қаласының көшелерімен «Көш.Наурыз-думан» керуенінің театрландырылған өтуі ұйымдастырылды. «Көш.Наурыз-думан», ол Наурызнаманың іс-шаралары аясында негізгі концерттік бағдарламаның прологына айналды. Керуенге қазақ батырлары, бүркіттер мен ақындар бейнесінде мыңнан астам адам қатысты. Сондай – ақ, қала тұрғындары мен қонақтарына дөңгелектегі киіз үйлер, қалыңдықтың күймесі, кілем, жібек тиелген түйелер, сондай-ақ қазақ халқының жеті қазынасының нышандары – «жеті қазына» ұсынылды. Бұл мерекелік шеруге FARABI UNIVERSITY-нің оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері де қатысты.