“90 жыл тарихы бар ҚазҰУ” тақырыбында ашық тәрбиелік іс-шара

5 сәуір, 2024

2023 ж. 5 сәуір күні “Халықаралық қатынастар” және “Аймақтану” білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары (Айдаражы Ж., Амантайқызы З., Әбдішүкірұлы Д., Мырзакулов Д., Келешекова А., Кога Ч. ) халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры К.Н.Макашева, доценттер Л.Т.Исова, Б.З.Бюжеева және аға оқытушылар А.Т.Кульбаева, Ж.К.Идрышева жетекшілігімен педагогикалық тәжірибе аясында “Халықаралық қатынастар” білім беру бағдарламасының 2 және 3 курс студенттерімен “90 жыл тарихы бар ҚазҰУ” тақырыбында ашық тәрбиелік іс-шара  өткізді. Іс-шара аясында магистранттар мен студенттер өз баяндамаларын ұсынды және университеттің академиялық ұтқырлық бағдарламасының мүмкіндіктерін талқылай келе, Жапониядан келген магистрант Кога Чиаки, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен жапон университеттері ынтымақтастығының нәтижелері және өзінің ұлттық университеттегі қазіргі оқу жетістіктері және мүмкіндіктерімен бөлісті. Сондай-ақ тақырып аясында қатысушылармен интерактивті ойындар ойнатылып, ҚазҰУ-дың тарихы, жетістіктері мен қазіргі таңдағы бастамалары талқыланды.