- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Халықаралық қатынастарды, халықаралық құқықты және әлемдік экономиканы қазіргі кезеңде дамытудың проблемалық мәселелері: ықтимал шешімдерді іздеу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
«Халықаралық қатынастарды, халықаралық құқықты және әлемдік экономиканы қазіргі кезеңде дамытудың проблемалық мәселелері: ықтимал шешімдерді іздеу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
2024 жылдың 5-сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде «Халықаралық қатынастарды, халықаралық құқықты және әлемдік экономиканы қазіргі кезеңде дамытудың проблемалық мәселелері: ықтимал шешімдерді іздеу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Белгілі ғалым, ҚР АПН Құрметті академигі, Еуропалық құқық академиясының (Будапешт) мүшесі, қылмыстық процесс, криминалистика және сот сараптамасы саласындағы маман, заң ғылымдарының докторы, профессор Кәрімжан Нұрымұлы Шәкіровтың 70-жылдық мерейтойына арналған іс-шараға Басқарма мүшесі – Операциялық қызмет жөніндегі проректор Дүйсенов Е.Э., БҰҰ жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек, Германия, Франция, Өзбекстан, Ресей және т.б. елдердің белгілі ғалымдары, дипломаттар, оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушы жастары қатысты.
Конференцияны ҚазҰУ Басқарма мүшесі – Операциялық қызмет жөніндегі проректор Еркін Дүйсенов ашып, профессор Кәрімжан Нұрымұлының қылмыстық құқық, криминалистика саласының дамуына үлес қосқанын атап өтті. Ғылыми жиын барысында БҰҰ жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек, филология ғылымдарының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы, Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті проректоры Жанна Калматаева және т.б. ғалымдар сөз сөйлеп, ғалымның табысты еңбек жолына тоқталды.
Конференцияда халықаралық қатынастар мен әлемдік экономиканың қазіргі заманғы проблемалары, Қазақстанның халықаралық және ұлттық құқығының өзара іс-қимылы, халықаралық қатынастар саласындағы шет тілдері мен дипломатиялық аударманың рөлі талқыланды.