Scopus және Web of Science журналдарында мақала жазу бойынша жас ғалымдарға арналған кезекті практикалық семинар өтті

6 сәуір, 2024

06.04.2024 ж. факультеттің Жас ғалымдар кеңесінің (ЖҒК) төраймы Турсумбаева Мадина Оразгазиевнаның ұйымдастыруымен Scopus және Web of Science журналдарында мақала жазу бойынша кезекті практикалық семинар өтті.

Бұл семинар практикалық жұмысты қамтыды, онда жас ғалымдар Introduction секциясында негізгі аспектілер бойынша ұсынған мақаланы зерттеді, содан кейін келесі мақаланың кіріспе, логикалық реттілік бөлімдері және т.б. мәселелерін талқылады.