География және табиғатты пайдалану факультетінде «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық конференциясы өтті

6 сәуір, 2024

2024 жылғы 04-06 сәуір аралығында география және табиғатты пайдалану факультетінде «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Конференцияда келесі секциялық отырыстарда түрлі салалардың өзекті мәселелері қаралды:

  • География, жерге орналастыру және кадастрдың өзекті мәселелері;
  • Геодезия, картография, ГАЖ және ТТҚ;
  • Климаттың өзгеруі және су ресурстары;
  • Туризм және қонақжайлылық;
  • Экология және адам өмірінің қауіпсіздігі.

Баяндамашылардың жұмыстарын талқылау нәтижесінде конкурстық комиссия география және табиғатты пайдалану факультетінде «ФАРАБИ ƏЛЕМІ» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының жеңімпаздарын анықтап, келесі ретке сәйкес жеңімпаздарды дипломдармен марапаттады:

1 орын

Мубәшірхан Ә.С., «6В05202-Экология» мамандығының 4 курс студенті. Тақырыбы: Түркістан қаласының урбанизация процесіндегі экологиялық жай-күйі. Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., аға оқытушы Оразбаев А.Е.

2 орын

Нам Д.С., «6В05204-Метеорология» мамандығының 3 курс студенті. Тақырыбы: Климатические особенности южной части Северного Казахстана. Ғылыми жетекшісі: г.ғ.к., доцент Полякова С.Е.

3 орын

Жанабай Н.К., «6В07303-Кадастр» мамандығының 3 курс студенті. Тақырыбы: 3D кадастр енгізудің тиімділігі. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Кожахметов Б.Т.

Конференция аясында география мен қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелері бойынша мастер-класс, дөңгелек үстелдер мен ғылыми семинарлар өткізілді. Конференция білім алушылар, жас ғалымдар мен тұрақты даму саласындағы сарапшылар арасында тәжірибе алмасу алаңына айналды. Студенттер, жас ғалымдар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін өздерінің ғылыми нәтижелері мен бастамаларымен бөлісті.