«Өнегелі өмірдің өрнектері»

9 сәуір, 2024

Абай атындағы ҚазҰПУ-да көрнекті ғалым-жазушы Немат Келімбетовтің туған күніне орай «Өнегелі өмірдің өрнектері» атты тұлғаны еске алуға арналған іс-шара өтті. Топтық білім сайысына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен 3 команда қатысты. Олар “Қазақ филологиясы” мамандығының 3-курс студенттерінен құралған “Бітік” тобы;  ⁠”Әдебиеттану” мамандығының 2-курс студенттері - “Тоныкөк” тобы және “Түркітану” мамандығының 2-курс студенттері - “Топжарған” тобы. Білім мен біліктілік сынға түскен іс-шарада “Әдебиеттану” мамандығының 2-курс студенттерінен (куратор- Ш. Шортанбай) құралған “Тоныкөк” тобы жүлделі ІІІ орын иегері атанды.