- Басты бет
- Жаңалықтар
- Геология ғылымы Қазақстан экономикасының базалық салаларын дамытудың катализаторы ретінде
Геология ғылымы Қазақстан экономикасының базалық салаларын дамытудың катализаторы ретінде
Ғылым күніне орай, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, география және табиғатты пайдалану факультеті, картография және геоинформатика кафедрасының ұйымдастыруымен “Геология ғылымы Қазақстан экономикасының базалық салаларын дамытудың катализаторы ретінде: академик Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған халықаралық дөңгелек үстел” өтеді.
Іс-шараға Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтының ғалымдары мен профессорлары, Satbayev университеті, География және Су қауіпсіздігі институты, сондай-ақ Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, Джордж Вашингтон университеті (АҚШ), Бингемтондағы Нью-Йорк Мемлекеттік Университеті (АҚШ), БҰҰ геоақпараттық жүйелер орталығы (АҚШ) және бірқатар ресейлік жоғары оқу орындары қатысады.
Геологияны дамытудың өзекті бағыттары, геология ғылымы мен геоморфологияны дамытудың қазіргі заманғы үрдістері, сондай-ақ геология саласы үшін кадрлар даярлау мәселелері талқыланатын болады.
Халықаралық дөңгелек үстел 11 сәуір күні, сағат 14:00-18:00 аралығында әл-Фараби кітапханасында гибридті режимде өтеді.
Картография және геоинформатика кафедрасы сіздерді жоспарланған конференцияға шақырады:
Zoom.
https://us02web.zoom.us/j/82207019207?pwd=bnl3cUY2SldLdEExZW1UMFFsL1pyZz09
Конференция идентификаторы: 822 0701 9207
Кіру коды: 125