ТДМ 3. Жақсы денсаулық және әл-ауқат, ТДМ 4. Сапалы білім беру, ТДМ 16. Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар

9 қазан, 2023

09.10.2023 күні физика-техникалық факультетінің  деканы Бейсен Н.Ә., физика-техникалық факультетінің аға куратор-эдвайзері Зульбахарова Э.М., ҚДФжБФ кафедрадан куратор-эдвайзер қатысуымен ПэиСУ-159 топтың студенттеріне кеңейтілген кураторлық сағаттар жүргізілді.

Кураторлық сағаттың мақсаты студенттердің оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуын қадағалау және оқу жүйесі бойынша сұрақтарын пысықтау сондай-ақ жатақхана ережелерімен, студенттің ар-намыс кодексінің, ішкі тәртіп ережелерінің, университеттің басқа да нормативті актілерінің талаптарын орындауға тиісті екенін түсіндіру.

Студенттердің оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуы, жатақхана тәртіптері тексеріліп, тыңдалды. Студенттерді митингтерге қатыспауға, бұл әрекеттің заңға қайшы екендігі түсіндірілді.