Мегагрант консорциумы мүшелерінің кезекті жұмыс кеңесі өтті

10 сәуір, 2024

10.04.2024 ж. онлайн форматта BR21882122 "Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің орнықты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер" Мегагранты консорциумы мүшелерінің жұмыс кеңесі өтті. Күн тәртібінде 2024 жылғы 1 тоқсандағы Бағдарлама шеңберінде орындаушылардың ғылыми топтарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының алдын ала нәтижелері, сондай-ақ консорциум бойынша серіктестерден бағдарламаның сайтына жауаптыларды тағайындау талқыланды.