Үздіктер қатарында

11 сәуір, 2024

      Тарихы терең әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90-жылдық мерейтойына орай «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті. «Фараби әлемі» – жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы  ғылыми жетістіктерін таныстыратын және  ғылыми инновациялық жобаларын жүзеге асыруға жол ашатын  бірегей алаң. Бұл жерде жастар тәжірибелі ғалымдар мен мамандардың сараптамалық пікірлерін тыңдап, өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыра алады. Білім мен ғылымды ұштастыру алаңында физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының студенттері мен жас ғалымдары белсене қатысып, ғылымдағы өзекті, практикалық маңызы бар тақырыптарда жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жоғары кәсіби дәрежеде баяндамалар жасап, үздіктер қатарынан орын алды. Жетекші ғалымдар мен мамандардың сараптауынан өткен үздіктер қатарында 4-курс студенттері Маткир Жаңабай (ғылыми жетекшісі Василина Г.К.), Нұрым Бекзат (ғылыми жетекшісі Тоштай Қ.), Ыбайхан Аякөз (ғылыми жетекшісі Смағұлова Н.Т.), 3 курс студенттері Қидирбоев Бауыржан, Бақыт Рүстем  (ғылыми жетекшісі Оспанова А.К.), Әбиева Жаннұр (ғылыми жетекшісі Усипбекова Е.Ж.),  1 курс магистранты Әлімбек Аружан, Өтегенова Баянсұлу  (ғылыми жетекшісі Оспанова А.К.),Жақсыбай Бағыашар (ғылыми жетекшісі Сейілханова Г.А.), 1 курс докторанты Кенжеев Бейбіт  (ғылыми жетекшісі Аубакиров Е.А.) болды.

     Факультеттің деңгейінде ең үздік баяндамалар ретінде аталып, Маткир Жаңабай – 1 орынды, Әлімбек Аружан 2 орынды иеленді.

 

                                                                            Аубакиров Е.А. – кафедра меңгерушісі