Салауатты өмір салтын ұстанайық!
11.04.2024 жылы колледж психологы Н.Б.Денгелбаеваның жетекшілігімен «Ақпараттық жүйелер-111» тобының 1 курс білім алушылары университеттегі студенттерге қызмет көрсету орталығындағы «Керемет» ғимаратының ішінде құрылған психологиялық қолдау орталығындағы «Салауатты өмір салты» жобасы аясында ұйымдастырылған психологиялық тренинге қатысты. Тренинг барысында студенттерге бүгінгі күні адамзат арасында есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адамның көптігі және бір қателескен адам өмір бойы зардап шегетіні жөніндегі мәселелер қаралды. Себебі, қазіргі таңда жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі тақырыбы өзекті мәселеге айналуда.
Адам өмірі біздің – ең басты құндылығымыз. Есірткімен күресіп қана қоймай, оны болдырмаудың алдын алу мақсатында атқарылатын шаралар бойынша ауқымды жұмыстарды барлығымыз жұмыла жүзеге асыруымыз қажет. Сонда ғана біз оң нәтижелерге қол жеткізе алатынымыз белгілі. Есірткісіз өмір – бұл шынайы эмоцияларға, физикалық және моральдық денсаулыққа, жақын адамдарының күлкісіне толы бақытты өмір екенін психолог мамандары кеңінен жеткізе алды. Біздің бәрімізде әлсіздік барын және ешқашан тәуелділікке бой алдырмау керек екенін қатысқан барлық білім алушылар ұғынып, өткізілген тренингтен мол әсер алып қайтты