«Интеграцияның халықаралық тәжірибесі және оны Орталық Азияда қолдану» атты халықаралық конференция

9 сәуір, 2024

2024 жылдың 9 сәуір күні «Интеграцияның халықаралық тәжірибесі және оны Орталық Азияда қолдану» атты халықаралық конференция өтті. Конференцияға Франция, Латвия, ҚХР, Үндістан, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан зерттеушілері, дипломатиялық корпустардың өкілдері, университет оқытушылары, сондай-ақ ғылыми орталықтардың директорлары қатысты. Геосаяси және экономикалық факторлар, өңірдегі экономикалық ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттары мен тетіктері туралы көзқарастар талқыланды, сондай-ақ интеграцияның халықаралық тәжірибесі және оның Орталық Азия жағдайларына қолданылуы қарастырылды.