- Басты бет
- Жаңалықтар
- ГМК (генетикалық модификацияланған көздерден) алынған тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалау
ГМК (генетикалық модификацияланған көздерден) алынған тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалау
2024 жылдың 10 сәуірінде кафедра профессоры Н.Ж. Өмірбекова ТДМ 3: денсаулық пен салауаттылық аясында «ГМК (генетикалық модификацияланған көздерден) алынған тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалау» тақырыбында дәріс өткізді. Дәрісте генетикалық модификацияланған ағзаларды (ГМА) сараптау мәселелері талқыланды. ГМА - бұл гендік инженерия әдістерінің көмегімен генетикалық материалы – ДНҚ жасанды түрде өзгертілген организмдер. ГМА құрамында кез келген басқа тірі ағзалардың ДНҚ фрагменттері болуы мүмкін. ГМА-ның үш тобы бар: өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер. ГМА көптеген азық-түлік өнімдерінің құрамына кіреді. Трансгенді тағамдарды тұтынудың қауіптері толық зерттелмеген. Негізгі талдау: композициялық эквиваленттілік принципі, ГМА тағамын бастапқы дәстүрлі аналогымен салыстыру. Салыстыру негізгі қоректік заттардың құрамы бойынша жүргізіледі: белоктар, көмірсулар, майлар, улы заттар, аллергендер, микроэлементтер, аз мөлшерде тағамға қарсы заттар және т.б. Нормативтік-құқықтық құжаттар ГМК-дан алынған өнімдерді сараптау ережелерін анықтайды. ГМК-дан алынған азық-түлік өнімдерге медициналық-биологиялық, медициналық-генетикалық және технологиялық сараптамалар қарастырылған. ГМК-дан алынған өнімдер аллергенділік, мутагендік, эмбриотоксикалық, гонадотоксикалық және тератогендік әсерін зерттеулерден өткізіледі.