Халықаралық қатынастар факультетінде БҰҰ тұрақты даму мақсаттары талқыланды

15 сәуір, 2024

2024 жылдың 15 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультеті, Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасында Брюссель еркін университетінің PhD докторы Ahmad Yar Ahmad Wali мырзамен кездесу өтті. Кездесуде Брюссель еркін университеті мен халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы арасында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына сәйкес, тұрақты даму үшін серіктестік жүргізу (ТДМ 17) және сапалы білім (ТДМ 4) беру бойынша жұмысты жетілдіру мәселесі қарастырылды. Брюссель еркін университеті және халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы арасында оқытушылар және студенттер арасында өзара тәжірибе алмасу жоспары қойылды.

 

                                                   Г.А. Апсаттарова

Халықаралық қатынастар және

         әлемдік экономика кафедрасы

меңгерушісінің орынбасары