Қазақстандағы орнықты даму мақсаттары" тақырыбында "Халықаралық қатынастар"білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен тәрбие іс-шарасы

10 сәуір, 2024

10 сәуірде 2024 ж. сағат 14:00-де "Халықаралық қатынастар" білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары (Абизова М., Адамов Т., Серикказинов А., Суракбаев А., Wang ZhongYao, Wang SiQing, Ma XiaoYan, Cao KeXian, Jiang Nan, Ni YuTong, Jin XiaoYu) доцент Л. Т. Исова, аға оқытушылар А.Т Кульбаева мен Ж. Д. Кошербаев педагогикалық практика аясында "Қазақстандағы орнықты даму мақсаттары" тақырыбында "Халықаралық қатынастар"білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен тәрбие іс-шарасын өткізді. Іс-шара аясында магистранттар мен студенттер Қазақстан Республикасында орнықты даму мақсаттарын іске асыру мүмкіндіктерінің тұсаукесерін ұсынды. Қытайдан келген магистранттар әлемде орнықты даму мақсаттарын енгізу нәтижелерімен бөлісті. Қатысушылар сондай-ақ Қазақстан Республикасында орнықты мақсаттарды жүзеге асырудың тарихын, проблемаларын және қазіргі жай-күйін талқылады.