Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі

16 сәуір, 2024

12.04.2024 жылы Тұрақты дамудың 3-мақсаты «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» жобасы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебі «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушысы Тұрмаханбетова А.А. «Қаржы» білім беру бағдарламасының 3-курс қысқартылған бөлім студенттері көмекке мұқтаж отбасына қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Алматы қаласы, Қожамқұлов 209 көшесінде тұратын көмекке зәру жандарға қайырымдылық көмек берілді. Бұл отбасында әйел жалғыз басты, 2 баласы бар, пәтер жалдап тұрады, жұмыссыз, жағдайы төмен екен. Бүгінгі таңда үлкен қызы бірінші сыныпта оқиды, ұлы бес жасар болып отыр. Бұл отбасының мәселесіне Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері көмек қолын созуды жөн көріп, қаржылай көмек беруді шешті.

Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Ол көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен қол ұшын беру болып табылады. Кез келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасына қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Осы қасиеттерді бойға сіңіру студенттерге білімді, ойлау қабілеттері жоғары, еліміздің халқына жанашыр азаматтары болуы үшін тәрбиелік мәні бар іс-шарамызды жүзеге асырдық!