«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 

13 сәуір, 2024

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 

Сәйір айында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жарияланды. Осы аталған акцияның аясында 13 сәуір күні университетімізде көктемгі сенбілік өтті. Сенбілікке университет қабырғасындағы қызметкерлер мен студенттер бірге атсалысты. Олар оқу ғимараты қамтитын барлық аймақтарға тазалау жұмыстарын жүргізді. Бұл игі шара алдағы уақытта айналаны көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарымен жалғасын табады.