Бәсекеге қабілеттілік білім беруден басталады.

16 сәуір, 2024

Бәсекеге қабілетті маман даярлау – заман талабы. Осы тұрғыда «Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы университеттің Тұрақты даму мақсаты аясында апта сайын әртүрлі іс-шаралар өткізуде. Тұрақты даму мақсатының 3 бөлімі Салауатты өмір салты және  негізінде 16 сәуір «Қазақ филологиясы» мамандығының 1 курс магистранттары Бақ Сымбат, Мамирбаева Аида, Мамытова Аяулы, Тогаева Дананың ашық тәрбие сағаты өтілді. Пән оқытушысы аға оқытушы Шортанбай Шохан Амангелдіұлы мен педпрактика жетекшісі PhD, аға оқытушы Э.С.Сейсенбиева. 2 курс тобына өткен ашық сабақ тақырыбы:  “Салауатты өмір салты”.  Сабақ “миға шабуыл” әдісімен басталып, тәрбие сағатының мақсатын түсіну үшін  студенттерден денсаулық жайлы ойларын сұрады. Денсаулыққа байланысты танымды ақпараттар беріліп, оның ішінде ақын-жазушыларымыздың денсаулыққа байланысты тұшымды ойларын жан-жақты түсіндіріп өтті. Жақсы денсаулықтың басты кепілі ұйқы туралы да қызықты мәліметтер айтылды. Осы жайында студенттерге сауалдар қойылды. Тақырыпты ашу барысында жағдаяттар ұсылып, студенттер өздерінің ашық ойларын ортаға салып талқылады. Тәрбие сағатында денсаулыққа қажетті өзекті мәселерді көтеріп, сұрақ-жауап алынып, қызықты деңгейде өтті.