ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ПЛАТФОРМАСЫН ДАМЫТУДА
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына орай АлматықаласындағыЮНЕСКОӨңірлік кеңсесінің қолдауыменХалықаралықФарабифорумыаясында«Тұрақтыдамумақсатындахалықаралықжурналистиканыоқытумодельдері»(МТIJ)аттыХалықаралықғылыми-тәжірибелікконференция биыл сегізінші рет өткізілді.
Ғылыми жиынға Қазақстан, АҚШ,Ұлыбритания, Бельгия, Польша,Түркия, ҚХР, Ресейғалымдарыменбұқаралық коммуникациясаласыныңзерттеушілері қатысып, журналистиканың жаңа бағыттарынталқылады.
Конференцияны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Жамила Айтжанова ашып, университеттің тұрақты даму саласындағы қызметіне тоқталды.
Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының басшысы, БҰҰ жаһандық коммуникациялар департаментінің Өкілі Властимил Самек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін 90 жылдық мерейтойымен құттықтап, университеттің БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» UNAI Жаһандық хабына жетекшілік ету мерзіміне 10 жыл толғандығынерекше атады. «Тұрақты даму бойынша журналистік білім беруге арналған конференция тек студенттер ғана емес, жалпы журналистер үшін де пайдалы. Журналистердің тұрақты даму мақсаттарын дұрыс интерпретация жасап, ақпаратты объективті әрі мұқият беруі кез келген елдің дамуына, азаматтардың ізгілікке ұмтылуына ықпал етеді», - дей келе, аталмыш жиында өрелі ойлар мен татымды, қызықты пікірлердің мол болатындығына сенім білдірді.
Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесінің коммуникация және ақпарат бөлімінің маманы Сергей Карпов Өңірлік кеңсе атынан кафедраның тұрақты дамудың 4.7., 16.10 мақсаттары бойынша Коммуникацияны дамыту Халықаралық бағдарламасымен бірлескен қызметіне алғыс білдіріп, ұлттық білім беру платформаларын қолдаудағы конференцияның ерекше үлесіне тоқталды: «Кафедраның алдыңғы екі жобасының негізінде әзірленген журналистиканың ұлттық платформасы Қырғызстан мен Тәжікстанда жалғасын тауып, дамуда. Олар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әзірлемелерін, ЮНЕСКО ресурстарын қолданып отыр», - дей келе, ЮНЕСКО-ның журналистік білім беру серияларымен таныстырды. Оның ішінде ЮНЕСКО-ныңжурналистикажәнекоммуникация кафедрасы әзірлеген климат өзгерісіне, журналист қауіпсіздігі, гендерлік теңдікке арналған курстар да бар.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Алматы қаласындағы өкілдігінің Саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы Алмаша Аренова отандық білім мен ғылымның флагманы – Қазақ ұлттық университетін 90 жылдық жетістіктерімен құттықтап, еліміздің білімін дамытудағы үлесі үшін рақмет айтты. Аталмыш конференцияның журналистік білім берудегі маңызды мәселелерді қозғап, тәжірибе алмасып, тәуекелдер мен проблемаларды анықтап, шешілу жолдарын анықтайтын платформа екендігін атап өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тұрақты даму бойынша Пан Ги Мун институтының директоры Жансая Исаева конференцияның ұлттық университеттің 90 жылдығы мен БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» UNAI Жаһандық хабына 10 жыл құрметіне орай ұйымдастырылғандығын айтты.«Бүгінгі диалог көпсипатты, халықаралық деңгейде жүргізілген журналистік келіссөздер бұл кездесудің дипломатиялық сипатын айшықтайды» - деді ол.
Білім берудегі жасанды интеллект технологиялары туралы зерттеумен Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің журналистика және бұқаралық коммуникациялар жоғары мектебінің профессоры, с.ғ.д., саясаттанушыИлья Быков таныстырды.
Конференцияға Қытайдан арнайы келген Сиань Цзяотун университетінің Жаңа медиа журналистика мектебінің профессорыФэн Вубаяндамасына Қытайдағы журналистік білім берудің жаңа статусын арқау етті.
Avrupa Media Holding (Ұлыбритания) құрылтайшысы, журналист Ватан Өз сөзін «осындай құнды кафедраның серіктесі болғанымды мақтан тұтамын» - деп бастады. Еуропалық БАҚ редакторы тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқытудың бірнеше үлгілерін сипаттады, осы бағытта кәсіби мамандар даярлап отырған академиялық қоғамдастықтың маңызды рөлін атады.
Интер-Медиа Брюссель қоғамдық қорының (Түркия) құрылтайшысы, журналист Юсуф Джинал университет студенттерін өндірістік тәжірибеден өткізу, магистрант, докторанттардың ғылыми тағылымдамасына қолдау көрсету туралы ойларымен бөлісті.
Пенза мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к. Галина Зуева (Ресей), Молдова-1» қоғамдық телеарна редакциясының бас редакторы Людмила Барба (Молдова Республикасы) кәсіби журналистер даярлаудағы өзекті мәселелерді қозғады.
Кездесу барысында ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының Коммуникацияны дамыту Халықаралық бағдарламасының (IPDС) қолдауымен «Аймақ – Орта Азия: миграция мәселелері бойынша журналистік білім беру» Жобасының жүзеге асырылуы бойынша «Golden middle of the new UNESCO project» презентациясы өтті.
Назгүл Шыңғысова
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ЮНЕСКО-ның журналистика және
коммуникация кафедрасының меңгерушісі