- Басты бет
- Әйелдер одағы
- Әлеуметтік желідегі балаларды қорлаудан қорғау мәселесін отбасылар қалай шеше алады?
Әлеуметтік желідегі балаларды қорлаудан қорғау мәселесін отбасылар қалай шеше алады?
2024 жылғы 17 сәуірде Тұрақты дамудың 5-мақсатын: «Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтарын кеңейту»; және Тұрақты даму 16 мақсатын: «Тұрақты даму мүдделері үшін бейбіт және ашық қоғам құрылысына жәрдемдесу, барлығының сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз ету және барлық деңгейдегі тиімді, есеп беретін және қатысуға негізделген институттарды құру» іске асыру шеңберінде, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 1 курс бакалавриат студенттері PhD, Тектибаева Д.Д. және PhD, Асанова С.Е. жетекшілігімен «How can families handle the problem of their child being bullied through social media?» (Әлеуметтік желідегі балаларды қорлаудан қорғау мәселесін отбасылар қалай шеше алады?) деген тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмыс барысында талқылауға арналған кең ауқымды мәселелер қарастырылған, нақтырақ осы мәселенің Қазақстан Республикасының НҚА-да, халықаралық тәжірибеде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі уәкілінің жұмысында қолданыстағы бар мәліметтер келтірілген. Мемлекет басшысы 2024 жылғы 15 сәуірде қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер мен балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талқыланды. Дөңгелек үстелдің баяндамаларында әлеуметтік желілердегі қорлауды тоқтатуға бағытталған профилактикалық және белсенді шаралардың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Дөңгелек үстел соңында буллингтен азат қоғамның тұрақты дамуы үшін әлеуметтік және саяси маңызы бар ұсыныстар айтылды.