Кафедра ұжымы гуманитарлық көмек жинау жұмыстарына белсенді қатысуда.

11 сәуір, 2024

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы мен студенттері су тасқынынан зардап шеккендерге қол ұшын созу мақсатында гуманитарлық көмек жинау жұмыстарына белсенді қатысуда.

      Осы орайда атаулы шараға Картография және геоинформатика кафедрасының да оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері де өз үлестерін қосты. Еліміздегі төтенше жағдай тұрақталып, Отандастарымыз аман болсын! Аспанымыз ашық, жұртымыз тыныш болғай!