Қысқы PR мектебі ЮНЕСКО-ның халықаралық Білім күніне арналды

23 ақпан, 2024

Коммуникацияның маңызы артқан сайын нарыққа кәсіби біліктіPR мамандар қажет. Университетте академиялық білім мен практикалық дағдыларға машықтандыру қатар жүргенде сапалы мамандар даярланады.Осындай мақсатпенұйымдастырылған халықаралық III Қысқы PR мектебінде цифрлық PR және БАҚ, жасанды интеллект технологиялары, климат өзгерісі сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Мектеп аясындағы «Халықаралық журналистика және ПР апталығында» халықаралық және отандықмедиа, қоғаммен байланыс сарапшыларының шеберлік сағаттары өтті.

Мектеп тұрақты дамудың төртінші «Сапалы білім» мақсатына орай ЮНЕСКО белгілеген халықаралық Білім күніне арналды.Жоғары оқу орындарында тұрақты даму бойынша білім берудің, педагогикалық технологиялардың инновациялық әдіс-тәсілдері түрленіп келеді. Жаһандық проблемалардың шешімін табудағы тұрақты даму мүддесінде білім беру студенттердің сыни ойлау, дұрыс шешім қабылдау қабілетін арттырады.

Қысқы мектептің ашылу салтанатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма мүшесі - Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Л.Қ. Еркінбаева университеттің Басқарма төрағасы - ректоры Ж.Қ. Түймебевтың атынан мектеп жұмысына табыс тіледі. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 10 жыл бойы БҰҰ «Академиялық ықпал» (UNAI) тұрақты даму бойынша Жаһандық хаб бағдарламасын басқарып келеді және университеттің «үшінші ұрпақ» маңызды миссиясын табысты жүзеге асыруда. Университет халықаралық QS рейтингінде 230-орында. QS Asia университеттері рейтингі бойынша 29-шы сатыда.Қысқы мектеп университеттің тұрақты даму саласындағы стратегиясына үлес қосады», - дедіпроректор.

Журналистикафакультетініңдеканы Т.М. Көпбаев мектеп барысында қамтылатын тақырыптардың маңызына тоқталып, тағылымды, пайдалы шара спикерлерінің кәсіби мамандар екендігін атап өтті.

Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының коммуникация және ақпарат бөлімінің маманыСергей Карпов: «ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының соңғы өткізген кездесуінде біз ынтымақтастықтың маңыздылығын сезіндік. Кафедраның көтерген проблемалары Орта Азия елдерінде үлкен қызығушылық туғызды. Қырғызстанның журналистік білім беретін жетекшітөрт жоғары оқу орныжурналистерді даярлау сапасын арттыру үшін ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы әзірлеген курстардың негізіндеКоммуникацияны дамыту Халықаралық бағдарламасының ресурстарын қырғыз тілінде белсенді қолдана бастады.Бұл қуантарлық жайт. Осындай шаралар болмаса білім сапасын арттыруға арналған тұрақты платформалардыдамыту күрделі болар еді», - деді.

Шараға қатысқан журналист Нұрлан Нұрғазин ұлттық PR-ды дамыту туралы өзекті мәселені қозғаса,«Қазақстан тұрақтылық қоры» АҚ Сыртқы коммуникациялар қызметінің бас менеджері Айбар Олжайқаржы саласында жаңа технологияны меңгерген, аудиториямен жұмыс істей алатын қазақ тілді мамандардың қажеттілігін баса айтты.

Түркітілдес журналистер қорының президенті Назия Жоямерген салалық журналистиканы дамыту, жасанды интеллектің Қазақстандағы қолданылуы, журналистің әлеуметтік жауапкершілігі мәселелеріне тоқталды.

Түркияның Еуразиялық мәдениет және спорт ынтымақтастығы қауымдастығының президенті Ахмет Түзүн әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің  студенттеріне Түркияның ірі бұқаралық ақпарат құралдарында тағылымдамадан өтіп, кәсіби білімі мен тәжірибесін арттыруға қолдау көрсететіндігін білдірді.

 

Назгүл Шыңғысова

ЮНЕСКО-ның журналистика және

коммуникация кафедрасының меңгерушісі

Әл-Фараи атындағы ҚазҰУ