2 курс магистранттары «Өзбекстан мен Қазақстанның жас ғалымдарының көзімен жаңа шындық форматындағы Орталық Азияны дамытудың негізгі трендтері: мәселелері мен болашағы» Көктемгі мектебіне қатысты

19 сәуір, 2024

2024 жылы 1-10 сәуір аралығында әл-Фараби ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің "7М03112 – Халықаралық қатынастар" ББ 2 курс магистранттары Әбек Мәлік, Алдаберді Ақбота, Байқеңес Жанеля, Исаева Дана, Екпінова Әсел Ташкент, Өзбекстан қаласындағы әлемдік экономика және дипломатия университетінде (ӘЭДУ) «Өзбекстан мен Қазақстанның жас ғалымдарының көзімен жаңа шындық форматындағы Орталық Азияны дамытудың негізгі трендтері: мәселелері мен болашағы» Көктемгі мектебіне қатысты.

Көктемгі мектеп аясында магистранттар университет оқытушыларының дәрістері мен ғылыми семинарларына қатысып, Орталық Азиядағы интеграциялық үдерістер мен қауіпсіздік мәселелері бойынша ӘЭДУ магистранттарымен бірлескен кездесулерге қатысты, Ташкент қаласының көрікті жерлерін аралады.

Әл-Фараби ҚазҰУ магистранттары ӘЭДУ Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Шерзод Дехканбайұлы Арапов пен Халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі Ұлықбек Атабайұлы Хасановтың жылы қабылдауы мен Көктемгі мектепті тамаша ұйымдастырғаны үшін зор алғыс білдіреді.

Хамзаева Асель Валитхановна