"ТДМ 11: тұрақты қалалар мен елді мекендер" тақырыбына арналған тәрбие сағаты

19 сәуір, 2024

2024 ж. 19 сәуірде “Халықаралық қатынастар” мамандығының ағылшын бөлімінің 1-курс магистранттары (Серікбай Нұрсұлтан, Нурбай Айша, Чжоу Хунмей, Шао Лян және Мухаммад Аммар Хабиби) педагогикалық тәжірибе барысында, тарих ғылымдарының кандидаты, Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценті Исова Лаура Тәңірбергенқызы, тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Қульбаева Алмагуль Тлеуовна, халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі PhD докторы Байкушикова Гульнара Серикбаевна мен аға оқытушы Нуралиева Сания Аятбекқызының жетекшілігімен "ТДМ 11: тұрақты қалалар мен елді мекендер" тақырыбына арналған тәрбие сағатын өткізді.

Тәрбие сағаты аясында магистранттар әлемнің әр-түрлі қалалары мен елді мекендеріндегі "ТДМ 11" орындалуы жайлы өз баяндамаларын ұсынып, "ТДМ 11" негізгі аспектілерін бейнелейтін және қойылған мақсаттарға жету жолдарын көрсететін ақпараттық презентация өткізілді. Қатысушылар (халықаралық қатынастар мамандығының 2-курс студенттері, ағылшын тобы) ТДМ-ның 11 мақсатын іске асыру шеңберіндегі одан әрі қадамдар контекстінде қаралатын нақты ұсыныстар мен бастамаларды әзірледі. Тәрбие сағаты барысында түрлі ойындар ойнатылып, белсенді қатысушыларға кішігірім сыйлықтар берілді.