ТДМ 4 «Сапалы білім жарқын болашақ кепілі».

18 сәуір, 2024

          Сәуір айының 18 жұлдызында геодезия және картография мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен Тұрақты даму мақсаты аясында «Сапалы білім жарқын болашақ кепілі» атты тақырыпта тәрбие сағаты өтті.

           Білімді ұрпақ- ел болашағы.Сондықтан да жас ұрпаққа сапалы білім беруге білім ұялары жауапкершілікпен қарайтыны анық. Бүгінгі таңда Елбасымыз ұстаздар алдына үлкен талап қойып, салауатты да сауатты ұрпақ тәрбиелеуге зор жауапкершілікпен сенім артып отыр. Сапалы білім білім беру жолында жаңа технологияларды пайдалану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай жүзеге асуда. Өз ұрпағымызға стандартка сәйкес сапалы білім беруге үлкен жауапкершілікпен қарау болашағымыздың жарқын болуына септігін тигізбек.

          Осы тұрғыда  ұстаздар оқушылардың, студенттердің білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында нәтижелі еңбек етуде. Білімді ұрпақ тәрбиелеу ісінде ұстаздар қауымы аянбай еңбек етіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізуде.  Бүгінгі жастарымыздың білімді, саналы азамат болып өсуі ұстаздардың еңбегіне тікелей байланысты екені бәрімізге мәлім. Сол себепті ұстаз еңбегін  бағалай білуіміз керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, жарқын болашақ үшін аянбай еңбек етіп, ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру ұстаздар қауымының, яғни біздің басты міндет болып табылады.