Суицид тығырықтан шығар жол емес ТДМ 3-Жақсы денсаулық және әл-ауқат Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жастағы барлық адамға қолайлы жағдай жасау.

20 сәуір, 2024

             Жасөспірімдер мен студенттер арасында өзіне-өзі қол жұмсау (суицид) бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Еліміздің болашағы саналатын жастардың мұндай оқыс әрекеттерге баруы расында алаңдатарлық жағдай. Статистикалық мәліметтерге үңілсеңіз адам жаны түршігеді. Әлемде жылына 1 миллион адам өзіне-өзі қол жұмсайды екен. Осындай суициді көп 80 елдің ішінде Қазақстанның 5-ші орынға тіркелуі бізді қатты қынжылтып отыр. Соның ішінде саналы азаматтар яғни 18 жастан жоғары азаматтар арасында суицид махаббат, азарттық ойындар,  қарыз (кредит) т.б мәселелер жөнінде көптеп кездесіп отыр.

             Сол себептіде  студенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында География және табиғатты пайдалану факультетінің, геоинформатика және картография кафедрасының 1-курс (1,2,3 топ қ/б) студенттеріне тәрбие сағаты өткізілді.