Мұрат Есжанмен кездесу

22 ақпан, 2024

«Тарихи телетуынды» атты шеберлік сағаты “ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің 2008 жылғы түлегі, “ Оян, қазақ!” фильмінің режиссері Мұрат Есжанның қатысуымен өтті. «Абай» сериалы мен «Ахмет. Ұлт ұстазы», “ Міржақып. Оян, қазақ” сынды деректі-көркем фильмдер арқылы тарихи тұлғалардың портретін жасаған режиссер студенттерге сұхбат беріп, болашақ әріптестерімен кино әлеміндегі кәсіби тәжірибесі жайлы ой бөлісті. Шеберлік сағатын ұйымдастырған профессор Марат Барманқұлов атындағы «Телезертхана» үйірмесінің жетекшісі Жидегүл Әбдіжәділқызы 15 жыл өзі ұядан ұшырған Мұрат Есжан мен қазіргі студенттер арасындағы ізгі сабақтастықты атап өтті.

Авторы: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті Әбдіжәділқызы Жидегүл