Жарақаттанудан болатын өлімнің алдын алу

26 желтоқсан, 2023

2023 жылдың 26 ​​желтоқсанында Алматы қаласындағы «Достармед» клиникасында ЦУР 3 бағдарламасы – «Денсаулық пен амандық» аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасының оқытушысы Есергенева Риза Толеукановнамен медицина және денсаулық сақтау факультетінің 1 курс студенттері арасында қыс мезгілінде ерекше маңызды болып табылатын «Жарақаттанудан болатын өлімнің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттердің жарақаттар және олардың салдары туралы білімдерін арттыру арқылы студенттер мен тұрғындар арасындағы жарақаттарды азайту. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде жыл сайын жарақаттан 3,5 миллион адам қайтыс болады, ал 2 миллион адам мүгедек болып қалады. Қазақстанда жыл сайын 600 мыңнан астам адам жарақат алады.