Калиева Дамира мен Сатвалдиев Бағдат Drone Pilot Academy орталығында 2-санаттағы "ұшқышсыз авиациялық жүйелер" операторларын бастапқы теориялық даярлау курсынан өтті

20 сәуір, 2024

16.04.-20.04.2024 аралығында География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының оқытушылары Калиева Дамира мен Сатвалдиев Бағдат Drone Pilot Academy орталығында 2-санаттағы "ұшқышсыз авиациялық жүйелер" операторларын бастапқы теориялық даярлау курсынан өтті.

Курс бағдарламасы “Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы”

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м. а. 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 706 бұйрығына сәйкес дайындалып, “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ-мен бекітілген.

Курс барысында Калиева Д және Сатвалдиев Б. Ұшқызсыз авиациялық жуйелермен заң жүзінде қалай дұрыс жұмыс жасау керектігін, қауіпсіз ұшырып/қонуды және авиациялық жұмыстарды жасау тәртібін үйренді.

Аталған курс “ВR 21882122 "Жасыл өсу контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің орнықты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер, 2023-2023, мегагрант” жобасы аясында қаржыландырылды.