ҚазҰУ-да «Жетіген» үйірмесі ашылды

22 сәуір, 2024

Студенттерді көркемөнерпаздар үйірмелеріне тарту, сондай-ақ олардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың АРТ-орталығында ежелгі музыкалық аспапта ойнауды үйренгісі келетіндер үшін «Жетіген» үйірмесі ашылды. Сабақтар аптасына екі рет өтеді: дүйсенбі және сенбі күндері. Үйірмені көптеген халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жүлделі орындарының иегері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі Мырзабекова Бақыт жүргізеді.Телефон: +7 705 839 8309