. Расында қай ғасырда да кітаптың адамның адам болып қалыптасуында алатын орны ерекше. Кітап кемелденуге, өсуге, дамуға көмектеседі. Қаншама технология шықса да, бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмайды. Оқыған адамның күні қашан да жарық. Кітап оқу – бұл тек бос уақытты қызықты өткізу ғана емес. Сонымен қатар, тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс. Адамдар барлық жинақтаған білімін жаңа ұрпаққа кітап арқылы таратады. Олар әр адамның өміріне енген заңдылық десе болады. Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін-өзі тануға көмектеседі, оны оқу арқылы өткен тарихыңды, болашағыңды біле аласың.
2024 жылдың 23-сәуірінде «Шетел филологиясы» мамандығының студенттерімен «Сапалы білім» тұрақты даму мақсаттары бойынша «Кітап білім бұлағы» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сабақ барысында студенттер оқыған кітаптары мен кітап оқудан алған әсерлері туралы әңгімеледі. Сабақ соңында кітап оқу туралы мынадай пайдалы қорытындылар жасалды:
- Сөздік қорыңыз толысады.
- Кітап оқу адамдармен араласуда көмектеседі.
- Кітап оқу өзіңізге деген сенімділікті арттырады.
- Кітап оқу күйзелісті арылуға сеп болады.
- Кітап оқу жады мен ой өрісін дамытады.
- Кітап оқу Альцгеймер ауруынан сақтайды.
- Кітап оқу жасартады.
- Кітап оқу бізді шығармашыл етеді.
Ұйымдастырушы: Байелі Ә.Ж.