Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының докторанттарының ғылыми-зерттеу жұмысы аясындағы ғылыми семинары

19 сәуір, 2024

17.04.2024 ж. биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының меңгерушісі, профессор Кустубаева Альмира Мэлсовнаның төрағалығымен кафедра докторанттарының ғылыми семинары өтті.

          Баяндамалар жасады:

Исқақова Д.М., 8D05102-Биомедицина мамандығы бойынша 2-курс докторант диссертациялық жұмысы бойынша «Депрессиядағы эмоционалды-реттеу тапсырмалары мен генетикалық биомаркерлерге шақырылған ми потенциалдарын зерттеу» тақырыбында баяндама жасады.

    Малибаева А.Е., 8D05102-Биомедицина мамандығы бойынша 2-курс докторант диссертациялық жұмысы бойынша «Гиперқозу кезінде нейрондар белсенділігінің синхрондалу механизмдері» тақырыбында баяндама жасады.

        Тоқтыбай А.К., 8D05102-Биомедицина мамандығы бойынша 2-курс докторант диссертациялық жұмысы бойынша «Қатерлі ісік ауруларының алдын алу үшін фототрофты микроорганизмдердің биоактивті заттарының потенциалын зерттеу» тақырыбында баяндама жасады.

        Дүйсенбек А.А., 8D05102-Биомедицина мамандығы бойынша 3-курс докторант диссертациялық жұмысы бойынша «2 типті қант диабетіндегі қабыну мен тамыр жүйесінің күйімен байланысты плазмалық микроРНҚ рөлін зерттеу» тақырыбында баяндама жасады.

        Кафедраның ПОҚ және 8D05101 Биология, 8D05102 биомедицина, 8D05109 Нейроғылым мамандықтары бойынша 1-3 курс докторанттары қатысты.