« Климаттың өзгеруінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасына әсері »
Халықаралық еңбек ұйымының (International Labour Organization, ILO) бастамасымен дүние жүзі бойынша жұмыс орындарында жазатайым жағдайлар мен кәсіби аурулардың алдын алуға жәрдемдесу, сондай-ақ еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру және насихаттау мақсатында 28 сәуір күні Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аталып өтеді. Бұл ақпараттық-түсіндіру кампаниясы еңбекті қорғау саласындағы мәселелер мен еңбек қызметіне байланысты жарақаттардың, аурулар мен жазатайым жағдайлардың артуына қоғам назарын аударуға арналады. Алғаш рет бұл күн 2003 жылдан бастап аталып өтетін болды.
2024 жылы 23 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде География және табиғатты пайдалану факультеті ТҰРАҚТЫ ДАМУ бойынша ЮНЕСКО кафедрасының педагогикалық практика жетекшісі Қожахан А.К., «7M11201-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 1 курс магистранттары Берікбек Мақпал, Серік Зарина, Бақтыбай Рахат, Есенов Кулет, Ускинбаев Еркін, Тё Екатерина, Іздібаев Айдостың ұйымдастыруымен
28 апрель «Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне» арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің биылғы тақырыбы «Климаттың өзгеруінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасына әсері». Іс-шараға оқытушылар мен студенттер, өндіріс орындарының еңбек қорғау саласының бас мамандары, сонымен қатар онлайн форматта Нукустен, Канададан, Түркиядан арнайы қонақтар қатысты.
Дөңгелек үстел әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналды.
Шетелдік қонақтар өз елдеріндегі қауіпсіздік мәселелері туралы, өндірістік объектілердегі еңбекті қорғау процедуралары туралы, өзекті мәселелер туралы әсерлі баяндап берді.
Шараны ұйымдастырушы магистранттар қатысушы студенттердің "Еңбекті қорғау" бойынша теориялық білімдерін бағалау мақсатында арнайы дайындаған сайыстар ұйымдастырды. Жеңімпаздарға «Халықаралық еңбекті қорғау күні» атты сертификат және университет эмблемасы бар шараға арнайы жасалған кепкалар сыйлады. Қонақтарға «Алғыс хаттар» мен сыйлықтар ұсынды. Шара соңында қонақтар мен студенттер мерекелік фуршетке шақырылды.
Дөңгелек үстел барысында “KazFoodProducts” ЖШС ЕҚжЕҚ, ӨҚ үйлестірушісі Бегимбетов Тимур Асхатұлы студенттерді өндірістік практика өту мақсатында университетпен меморандум жасауға ұсыныс білдірді және Д. А. Қонаева атындағы Тау-кен институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Шабельников Евгений Алексеевич, Навои мемлекеттік тау-кен технологиялық университеті жанындағы Нукус тау - кен институтының директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты Жұмамұратов Данияр Қалбайұлы және “KazFoodProducts” үйлестірушісі Бегимбетов Тимур Асхатұлы кафедра оқытушыларымен бірігіп ғылыми жобалар жасау келісім жасалды.