Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні және ТДМ4: Сапалы білім

23 сәуір, 2024

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай және ТДМ 4 Сапалы білім беру аясында куратор-эдвайзер Сарсембаева Талшын Сағдатбекқызы "Кітап оқу көркем әдетін қалыптастыруда жасанды интеллект арқылы кітап таңдау әдістерін қолдану" тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Интеллектуалды басқару жүйелері мамандығының 3 курс студенттері кураторлық сағаттан пайдалы ақпараттар алды. Студенттерге кураторлық сағат соңында тегін кітаптар таратылды.