«Жасыл көпір – ұрпақтан-ұрпаққа» X мерейтойлық халықаралық жастар форумы
25-26 сәуір аралығында Түркістан қаласында Жас ғалымдар саммитінің екінші бөлімі өтуде. Саммитте әл-Фараби қазақ ұлттық университетінде «Жасыл көпір – ұрпақтан-ұрпаққа» X мерейтойлық халықаралық жастар форумы өтуде. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым қоры және халықаралық ғылыми-техникалық орталығы бірлесе отырып ұйымдастырған дәрістер мен семинарлар Қазақстанның өңірлерінен келген ғалымдар мен докторанттардың, сондай-ақ бизнес және үкімет өкілдерінің назарын аударды. Аталмыш саммиттің панельдік сессиясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жастар кеңесінің мүшесі, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, Зоология институтының ғылыми хатшысы Танабекова Гүлжанат Бақытқызы «Климаттың өзгеруінің әлеуметтік салдары және климаттың өзгеруіне әділ көшуді қамтамасыз етудің шаралары» тақырыбында баяндама жасады. Саммит туралы толығырақ ақпаратты келесі сілтемеден білуге болады https://www.facebook.com/Committeenaukakz?mibextid=LQQJ4d