Оңтүстік Кореядан келген оқытушылар студенттер хорын ашуға бастамашылық жасап отыр

8 қазан, 2015

2015 жылы қазанның 6-жұлдызында Алыс Шығыс кафедрасы кореятану бөлімінің оқытушысы Чой Джи Енг "Меари" хоры атты жаңа үйірме ашты. Қазірдің өзінде хорға қатысуға 65 студент ниет білдірді.

Кафедрада ашылып жатқан үйірме жайлы аға оқытушының сөзінен:

Хорды құрғандағы біздің басты мақсатымыз:

Біріншіден, корей әндерін жаттау арқылы корей тілін меңгеру. Мен студент кезімде дәл солай ағылшын тілін үйренген болатынмын. Сол жылдары жаттаған әндерім әлі күнге дейін менің жадымда. Әрине, корей тіліндегі керемет әндерді де ұмытқан жоқпын.

Екіншіден, корей әндері арқылы сол елдің мәдениетін таныту. Музыкада ұлттық құндылықтар мен дәстүр айқын көрініс табады.

Үшіншіден, хор арқылы кореятану бөлімі студенттердің өз арасында және оқытушылар мен студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту көзделген. Хор – бұл бір ғана адам еңбегінің жемісі емес, мұнда жаныңдағы жолдасыңның дауысына мән беріп, әуезді музыканы бірге шығару керек.

Төртіншіден, хордың ашылуы кореятану бөлімін университет қабырғасында және одан тыс ортаға танытуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта хор болмашы ғана қызмет атқарып тұр. Бірақ, алдағы уақытта дәл біздің хордың арқасында Қазақстанда кореятану бөлімі жұмыс жасайтын барлық ЖОО осындай үйірме ашады деп сенеміз. Соның арқасында біз бір-бірімізді жақынырақ тануға мүмкіндік аламыз.

Осылайша жоғарыда аталған төрт мақсат «Меари» хорының негізін қалады. ҚазҰУ жанынан құрылған кореятану бөлімі мен кафедраның «Меари» хоры бұл салада құрылған алғашқылардың бірі ретінде өте жақсы үйірмеге айналады деп сенеміз. Мен шын жүректен осы жұмысқа атсалысқан барша студенттер мен оқытушыларға алғыс білдіремін. Сол кісілердің арқасында біз осындай шаруаға бастамашылық жасап отырмыз.